Бүгін Ұйғыр ауданында ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» акциясына Бахар ауылының тұрғындары да белсенді қатысты. Таңмен таласып, сыпырғыш пен тырмаларына қолдарына алған тұрғындар ауылдың ең үлкен Достық, Илья Бахтия көшелеріне қарай жылжыды. Жұмысқа тек мекеме қызметкерлері ғана емес, ауылдың белсенді тұрғындары да араласты. Ауылдың қарттары бастап, жастары қоштап, жалпы саны жетпістен астам тұрғын бүгінгі тазалық жұмыстарына атсалысты.
Әркім өз шамасына қарай еңбек етіп, ортақ іскеүлес қосты. Бірі тазаласа, енді бірі жинап, ретке келтіріп отырды. Көшелер мен көпшілік жүретін орындарда жиналған қоқыс шығарылып, жолжиегін басып кеткен шөптер шабылды. Әсіресе бұрын назардан тыс қалып келген тұстарға көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде ауыл іші біршама жинақталып, көзге жағымды көріне бастады.Нәтижесінде 1,5 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 2 тоннаға жуық қоқыс тиісті орынға шығарылды.
Мұндай істердің мәні тек айналаны тазалаумен шектелмейді. Ол адамдардың өз ауласына, өз көшесіне деген көзқарасын өзгертеді. Тазалық сырттан келмейді, ол әркімнің өз әрекетінен басталатынын бахарлықтар осы жолы тағы бір мәрте дәлелдеді.
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Ұйғыр ауданы

