Перейти к содержимому
Главная страница » ЖИ сайлау науқандарының жаңа шындығына айналып келеді – сарапшы

ЖИ сайлау науқандарының жаңа шындығына айналып келеді – сарапшы

Бірінші сын-қатер сенім мәселесімен байланысты. Сайлаушы үшін саясаткердің шынайы мәлімдемесін жасанды түрде жасалған немесе өзгертілген контенттен ажырату барған сайын қиындай түсуде. Қазірдің өзінде интернет кеңістігінде партия жетекшілерінің, шоу-бизнес өкілдерінің бейнесі мен есімдері дезинформация таратуға бағытталған роликтерді жасауда пайдаланылған жағдайлар тіркелген. Олардың қатарында Баян Алагөзова, Ермұхамет Ертісбаев, Айдарбек Ходжаназаров және басқа да тұлғалар бар. Осыған байланысты тиісті теріске шығаруларды Бас прокуратура, Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы және аталған тұлғалардың өздері жариялаған.Екінші сын-қатер жалған және дәйексіз материалдарды өндіру мен таратқаны үшін жауапкершілікке қатысты. Жасанды интеллектіні пайдалану мұндай контент үшін кімнің жауап беруі тиіс екенін анықтауды күрделендіреді: сұранысты қалыптастырған автор ма, контентті пайдаланушы ма, оны таратқан тұлға ма, технологиялық платформа ма, әлде оны әзірлеген компания ма?Үшінші сын-қатер қоғамның жаңа ақпараттық ортаға дайындығымен байланысты. Сарапшының пікірінше, бұл мәселені тек заңнамалық реттеу арқылы шешу жеткіліксіз. Генеративті технологиялар кеңінен тараған сайын азаматтардың ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау, дереккөздерді тексеру және манипуляциялық контентті ажырата білу қабілетінің маңызы арта түседі.«ЖИ сауаттылығы мен сыни ойлауды дамыту бүгінде тек білім беру саласының ғана емес, саяси күн тәртібінің де маңызды міндетіне айналып отыр», – деп атап өтті Смайлов.Сонымен қатар сарапшы Қазақстанда жасанды интеллектіні қолданудың заңнамалық және этикалық негіздері қалыптасқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл саяси және ақпараттық кеңістікте жаңа технологияларды ықтимал деструктивті мақсатта пайдалануды шектеуге мүмкіндік береді.Ерлан Смайловтың пікірінше, технологиялардың қоғам өміріне кеңінен енуі қазіргі сайлау науқанын бұған дейінгі науқандардан түбегейлі ерекшелендіріп отыр. Жасанды интеллект саяси коммуникация құралдарын өзгертіп қана қоймай, партиялардың бағдарламаларының мазмұнына және ақпараттық тәуекелдердің сипатына да ықпал етуде. Бұл өз кезегінде отандық саяси технологиялардың дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруда.«Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылар алаңы 13 тамызда Алматы қаласында өтті. Іс-шараны ҚР Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Талқылауға саясаттанушылар, академиялық және сарапшылық қоғамдастық өкілдері, зерттеу және талдау орталықтарының мамандары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ саяси коммуникациялар мен сайлау үдерістері саласының сарапшылары қатысты. Онлайн форматта пікірталасқа Қазақстанның барлық өңірінен сарапшылар қосылды.