Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек физикалық күш қолданумен шектелмейді; ол психологиялық қысым, қорлау және қорқыту түрінде де көрініс табады. Мұндай жағдайлар көбіне жабық есік ішінде өтетіндіктен, көршілер мен туыстардың қырағылығы аса маңызды. Егер көрші пәтерден айқай-шу немесе қауіпті жағдай байқасаңыз, үнсіз қалмай, «102» нөміріне хабарласыңыз. Дер кезінде көрсетілген көмек адам өмірін және отбасының амандығын сақтап қалуы мүмкін.
АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

