Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне баса назар аударайық

Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне баса назар аударайық

17 қаралым

Жол қозғалысына қатысушылар тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ережені қатаң сақтауға міндетті. Көшені тек арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен (зебра) немесе бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана кесіп өту керек. Қараңғы уақытта жол жиегімен жүргенде киімде жарық шағылыстыратын элементтердің болуы жүргізушінің сізді алыстан байқауына көмектеседі. Сонымен қатар, жолдан өтерде құлаққапты шешіп, телефонға қарамай, жан-жағыңызға мұқият көз жүгіртіңіз.

АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

↑