Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Қаржы пирамидасы: оңай олжаның соңы – өкініш

Қаржы пирамидасы: оңай олжаның соңы – өкініш

16 қаралым

Аз уақыттың ішінде еш еңбексіз мол табысқа кенелуді уәде ететін жобалар – қаржы пирамидасының басты белгісі. Олар көбіне «инвестициялық компания», «тұтыну кооперативі» немесе «тиімді желілік маркетинг» атын жамылады. Қаржы пирамидалары ешқандай өнім өндірмейді, олардың табысы тек жаңадан тартылған салымшылардың ақшасынан құралады. Ақшаңызды салмас бұрын компанияның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен алған лицензиясы бар-жоғын тексеріңіз. Тәуекелге барып, жиған-тергеніңізден айырылып қалмаңыз.

ҚҰРАЛБЕК СӘБИТОВ

↑