Перейти к содержимому
Главная страница » Зиянды әдеттер қоғам қауіпсіздігін тежейді

Зиянды әдеттер қоғам қауіпсіздігін тежейді

Зиянды әдеттер адамның денсаулығына ғана емес, қоғамның қауіпсіздігіне де кері әсерін тигізеді. Әсіресе алкогольді шамадан тыс тұтыну түрлі құқық бұзушылықтар мен келеңсіз жағдайларға себеп болуы мүмкін. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану және бос уақытты тиімді ұйымдастыру маңызды. Отбасы тәрбиесі мен қоғамның қолдауы адамның дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді. Саналы өмір салты – дені сау ұлттың негізі.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы