Перейти к содержимому

Алаяқтан сақ болыңыз!

44 қаралым

Интернеттегі алаяқтықтың түрі көбейіп, азаматтардың аңғалдығын пайдаланатындар түрлі тәсілге көшіп келеді. Әсіресе бейтаныс қоңырау мен күмәнді сілтемеге сақтықпен қарау маңызды.

Осыған байланысты Ұйғыр ауданы ПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Қали Азиз Бақытұлы Шарын ауылдық округінің тұрғындары мен қонақтарына интернет алаяқтығынан сақтану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкері азаматтарға алаяқтардың арбауына түспеу жолдарын айтып, арнайы жадынамалар таратты.

Түсіндіру барысында бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірін, құпиясөзді, SMS арқылы келген кодтарды бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігі ескертілді.

Алаяқтықтың алдын алудың ең қарапайым жолы – кез келген ақпаратқа асықпай, алдымен оның анық-қанығына көз жеткізу. Күмәнді жағдайға тап болған кезде құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы

↑