Перейти к содержимому

Есірткіге қарсы орта қалыптастырайық!

31 қаралым

Қауіпсіз қоғам әр адамның жауапты әрекетінен құралады. Есірткіге қарсы иммунитетті ең алдымен отбасы мен білім беру ортасы қалыптастырады. Жасөспірімге зиянды әдеттердің салдарын қорқыту арқылы емес, түсіндіру арқылы жеткізу маңызды. Оған өз мақсатын анықтап, пайдалы іспен айналысуға мүмкіндік берген жөн. Қоғамдық ұйымдар жастармен түрлі кездесулер мен жобалар ұйымдастыра алады. Құқық қорғау органдары есірткі қылмысының жолын кесумен қатар профилактикалық жұмыстар да жүргізеді. Азаматтар заңсыз әрекетке бейжай қарамауы керек. Есірткісіз орта – дені сау әрі жауапты ұрпақтың негізі.

Ерзат АСЫЛ

↑