Қазіргі таңда жастардың интернетті белсенді пайдаланатыны белгілі. Осы мүмкіндікті пайдаланып, кейбір адамдар есірткіге қатысты заңсыз ұсыныстарды онлайн таратуға тырысады. Сондықтан әлеуметтік желідегі күмәнді хабарламалар мен белгісіз ұсыныстарға сенбеу қажет. Жасөспірімдер мұндай әрекеттердің заң алдындағы жауапкершілігі бар екенін білуі тиіс. Ата-ана баласымен интернет қауіпсіздігі туралы тұрақты сөйлескені жөн. Құқық қорғау органдары есірткі айналымына қарсы заң аясында тиісті жұмыстар жүргізеді. Азаматтар күмәнді жағдайларға тап болған кезде құзырлы органдарға хабарлауы керек. Цифрлық сауаттылық пен құқықтық білім есірткі қылмысының алдын алуға көмектеседі.
Алтынай СЕЙІТКЕН