Перейти к содержимому

Қауіпсіз болашақ – бүгінгі тәртіптен

24 қаралым
жаңа конституция

Қауіпсіз қоғамды бір күнде қалыптастыру мүмкін емес. Ол әр азаматтың күнделікті тәртібі мен жауапкершілігінен құралады. Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермеу, жолда ережені сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау – ортақ қауіпсіздіктің негізгі шарттары. Мүлікті қорғауға да әр адам жауапкершілікпен қарауы керек. Конституциялық құндылықтарды құрметтеу азаматтық мәдениетті нығайтады. Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар мемлекет пен қоғамның бірлескен әрекетін талап етеді. Заңды құрметтеген, өзгенің құқығын бағалаған қоғамның қауіпсіздігі де берік болады.

↑