Қоршаған ортаның тазалығы халықтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, су көздерін ластамау және табиғи ресурстарды үнемдеу мәселелеріне баса назар аудару қажет. «Таза Қазақстан» бастамасы азаматтарды ортақ іске жұмылдырып, экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Табиғатты қорғау әр күнгі қарапайым әрекеттен басталады.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

