Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты негізгі қағидаттар белгіленеді. Конституциялық нормаларды білу әр азаматтың құқықтық сауатын арттырады. Мемлекеттің тұрақты дамуы заң талаптарын құрметтеумен тығыз байланысты. Сондықтан қоғамда Конституцияның маңызын түсіндіру жұмыстары маңызды. Жастарға Ата Заңның мәнін түсіндіру олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастырады. Құқық пен міндеттің қатар жүретінін әр адам түсінуі қажет. Конституцияны құрметтеу – заң мен тәртіпті құрметтеудің негізі.
Ерзат АСЫЛ