Қоғамдық қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты емес. Әр азамат қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзге адамдардың құқықтарын құрметтеуге міндетті. Көшеде, саябақта, қоғамдық көлікте немесе басқа да ортақ орындарда мәдениетті мінез-құлық қалыптастыру маңызды. Күмәнді жағдайға тап болған азаматтар заң аясында тиісті қызметтерге хабарлай алады. Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыс қажет. 2026 жылдан бастап құқық бұзушылық профилактикасына қатысты жаңа заң да күшіне енді. Оның мақсаты – құқықбұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту. Қауіпсіз қоғам әр адамның жауапты әрекетінен басталады.
Құралбек СӘБИТОВ
