Құқықтық мәдениет адамның заңды білуінен және оны күнделікті өмірде сақтауынан көрінеді. Жаңа Конституция адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басымдық береді. Бұл қағидаларды қоғам мүшелері жақсы түсінуі қажет. Заңды білмеу құқық бұзушылыққа жол берудің себебіне айналмауға тиіс. Балалар мен жастарға құқықтық тәрбие берудің маңызы да зор. Отбасында, мектепте және қоғамдық ортада заңға құрмет қалыптасуы керек. Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда тәртіп пен жауапкершілік те нығая түседі.
Ерзат АСЫЛ
