Перейти к содержимому

НҰСҚАМА ШЫҒАРЫЛДЫ

42 қаралым

🔹Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Ақши-агросервис» ЖШС қызметіне жүргізілген мониторингті аяқтады.
Мониторинг Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілді. Аталған талаптарға сәйкес мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғаларды құру, кеңейту және қызмет түрлерін өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу қажет.
🔹Мониторинг барысында Серіктестіктің монополияға қарсы органмен келісілмеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырғаны анықталды. Бұл ретте, Серіктестікте аталған қызмет түрлерін жүзеге асыруға монополияға қарсы органның тиісті келісімі болмаған.
Мониторинг нәтижелері бойынша Департамент Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабында көзделген тәртіппен Серіктестікке қатысты нұсқама шығарды.
🔹Департаменттің нұсқамасы толық көлемде орындалды.

↑