Перейти к содержимому

Отбасындағы сыйластықты сақта!

21 қаралым

Отбасындағы сыйластық кез келген қиындықты бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптылар бір-бірінің пікірін тыңдап, өзара түсіністікке ұмтылғаны жөн. Ашуды күш қолдану арқылы көрсету мәселені шешпейді. Керісінше, жанжалдың ушығуына алып келуі мүмкін. Сондықтан отбасылық қарым-қатынаста сабыр мен жауапкершілікті сақтау маңызды. Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу қажет. Қажет болған жағдайда психологтар мен құқықтық кеңес беретін мамандардың көмегіне жүгінуге болады. Құрметке негізделген отбасы – қоғамдағы тұрақтылықтың тірегі.

Алтынай СЕЙІТКЕН

↑