Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Сенбілік белсенділеріне сыйлық табыстады

Сенбілік белсенділеріне сыйлық табыстады

61 қаралым

Қазақстан бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Балқаш ауданында да тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке Балқаш ауданы әкімі Азат Құтпанбетов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысып, табиғатты аялау жолында еңбек етті.

Тазалық жұмыстары барысында елдімекендердің аумақтары ретке келтіріліп, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Барша қатысушылар туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Балқаш ауданы әкімі Азат Құтпанбетов өңірдегі тазалық жұмыстарына қатысқан азаматтарға алғыс айтып, белсенділік танытқан тұрғындарға арнайы сыйлықтар табыстады.

Алтынай СЕЙІТКЕН

Балқаш ауданы



↑