Перейти к содержимому

ТАҒЫЛЫМДЫ ЕҢБЕК ТАЛҚЫЛАНДЫ

39 қаралым

Қонаев қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының еңбегінде көтерілген өзекті мәселелер мен маңызды бастамаларды кеңінен насихаттау, заң мен тәртіпті құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын отаншыл ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу.
Басқосуды ашқан облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев көпшілік назарына ұсынылып отырған Қасым-Жомарт Кемелұлының ұзақ жылдар бойы жинақтаған саяси және дипломатиялық тәжірибесі, ел болашағына қатысты ұстанымдары мен стратегиялық көзқарастары жүйеленген бұл жинағы Қазақстанның қазіргі қоғамдық-саяси дамуын түсінуге мүмкіндік беретін тағылымды еңбек екенін атап өтті. Ұлт сапасы, «Заң мен тәртіп», цифрландыру және жасанды интеллект, ұлттық экономика, халықаралық саясат, «Таза Қазақстан» секілді өзекті тақырыптар айқын көрсетілген кітаптың ел тағдырына бейжай қарамайтын әр азамат үшін құнды дүние деп есептейтінін айтқан Ғани Айдарұлы баршаны бұл жинақты оқып, ондағы ой-тұжырымдарды зерделеуге шақырды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ержан Әбдірахманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын-жазушы, журналист Сәуле Досжан, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ерболат Тұрымбетов, Заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қазбек Дәуітәлиев Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітап жайлы ой-пікірін ортаға салды.
Келелі басқосуды қорытындылаған Ғани Айдарұлы қонақтарға маңызды әңгімелері алғыс білдірді.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ