«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Алматы облысы Қарасай ауданы Ювеналды полиция басқармасы және жастар ресурстық орталығы бірлесіп, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жастарға құқықтық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, студенттер тұратын жатақхананың санитарлық жағдайы, тұрмыстық ахуалы және жалпы жай-күйі тексеріліп, анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Өз тілшіміз
