Жол-көлік оқиғаларының алдын алу әр азаматтың жауапкершілігін талап етеді. Жүргізуші жылдамдықты сақтап, жол белгілеріне бағынуы керек. Жаяу жүргінші де өз кезегінде белгіленген өткелдерді пайдаланып, бағдаршам талаптарын орындауы қажет. Көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдамау және мас күйде рөлге отырмау аса маңызды. Ата-аналар балаларға жол ережесін үнемі еске салып отырғаны жөн. Қауіпсіздік мәдениеті күнделікті әдетке айналғанда жолдағы тәртіп те нығаяды. Ережені сақтау – ең алдымен адам өміріне деген құрмет.
Ерзат АСЫЛ
