Перейти к содержимому

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

55 қаралым

Зорлық-зомбылық – бір отбасының ғана мәселесі емес. Оның салдары адам тағдырына, отбасының берекесіне, тұтас қоғамның тыныштығына әсер етеді. Сондықтан жастардың өз құқығын білуі, қиын жағдайда кімнен көмек сұрауға болатынын түсінуі маңызды.

Осы мақсатта Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тасқарасу ауылдық округінде «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында кездесу өтті. Жиын барысында жастарға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның адам өміріне және қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсіндірілді. Сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары, қиындыққа тап болған кезде көмекке жүгіну мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берілді.

Кездесуде құқықтық сауаттылық мәселесіне де назар аударылды. Өйткені өз құқығын білген жас қандай жағдайда да үнсіз қалмай, заң аясында әрекет етудің жолын түсінеді. Сонымен бірге отбасыдағы өзара сыйластық, түсіністік пен жауапкершілік те зорлық-зомбылықтың алдын алуда маңызды екені айтылды.

Мұндай кездесулердің мәні – жастарға жай ғана ақпарат беру емес, мәселенің салдарын алдын ала түсіндіру. Себебі зорлықтың кез келген түріне бейжай қарамау, қажет кезде көмек сұрай білу және өзгенің құқығына құрметпен қарау – қауіпсіз қоғамның негізі.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы

↑