Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Әділетті қоғам заңға құрметтен басталады

Әділетті қоғам заңға құрметтен басталады

39 қаралым

Әділетті қоғам құру үшін әр азамат заң талаптарын сақтауы керек. Заң бәріне ортақ болған кезде адамдардың мемлекетке деген сенімі нығаяды. Жаңа Конституцияда заң мен тәртіп қағидаты ел дамуының маңызды негіздерінің бірі ретінде көрсетілген. Бұл қағидат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен қатар, жауапкершілікті де күшейтеді. Қоғамда зорлық-зомбылыққа, есірткіге, ішімдікке және құқық бұзушылыққа төзбеушілік қалыптасуы қажет. Мұндай құндылықтар отбасындағы тәрбиеден басталып, қоғамдық ортада жалғасын табады. Заңға құрмет – әділетті әрі тұрақты мемлекеттің негізі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑