Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алатау қаласында үздік ұстаздар марапатталды

Алатау қаласында үздік ұстаздар марапатталды

85 қаралым

Алматы облысының Алатау қаласында Ұстаздар күніне арналған «ҰСТАЗДАР PRIME – Эрасы» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараға қала педагогтері, білім саласының ардагерлері, жас мамандар мен оқушылар қатысты.
Мерекелік жиында қала әкімі Әркен Өтенов ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, білім саласының дамуына үлес қосып жүрген үздік педагогтерді марапаттады.
Салтанатты марапаттау рәсімінде ұстаздар «Ұстаздар әулеті», «Кәсіби шеберлігімен танылған педагог», «Жаңашыл ұстаз», «Үздік тәлімгер», «Үздік жас педагог», «Тәрбие саласының үздігі», «Балабақша тәрбиесінің үздігі», «Инклюзивті білім беруге үлесі үшін» номинациялары бойынша марапатталды. Бірқатар педагогке Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің және Алатау қаласы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Сондай-ақ Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Алматы облысының Құрметті азаматы Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы мен тәжірибелі ұстаздар құттықтау сөз сөйлеп, педагог еңбегінің маңызын атап өтті.
Шара барысында №14 мектептің Муратовтар отбасы – педагогикалық династия өкілдері таныстырылып, ұстаздық дәстүрдің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны атап өтілді. Мерекелік кеш Мәдениет үйінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Толқын ОДАШҚЫЗЫ
Алатау қаласы

↑