Перейти к содержимому

Қырағылық маңызды

13 қаралым

Есірткі айналымына жол бермеу – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Заңсыз есірткі саудасы жастардың болашағына қауіп төндіріп, көптеген әлеуметтік мәселеге себеп болады. Сондықтан есірткінің таралуына қарсы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажет. Жастарға есірткінің денсаулыққа ғана емес, адамның тағдырына да орны толмас зиян келтіретінін түсіндіру маңызды. Құқық қорғау органдары заңсыз айналымның жолын кесуге бағытталған жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар тұрғындардың қырағылығы да үлкен рөл атқарады. Есірткіге қарсы күресте қоғам мен мемлекеттің бірлескен әрекеті ғана нәтижелі болмақ.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑