Құқықбұзушылықтың алдын алу оны жасағаннан кейін шара қолданудан тиімдірек. Ол үшін халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуі керек. Әсіресе жастарға заң талаптарын түсіндірудің маңызы зор. Ата-ана баланың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы қажет. Бос уақытты тиімді ұйымдастыру да құқықбұзушылықтың алдын алуға көмектеседі. Қоғам мүшелері күмәнді жағдайларға бейжай қарамауы тиіс. Заңды құрметтеу күнделікті өмірдегі әдетке айналуы керек. Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
