Баланың отбасында өзін қауіпсіз сезінуі оның тұлғалық дамуы мен психологиялық саулығына тікелей әсер етеді. Үйдегі ұрыс-керіс, қорқыту және күш көрсету балалардың көңіл күйіне кері ықпал етуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар баламен қарым-қатынаста сабырлық танытып, оның пікірін тыңдап, сезіміне құрметпен қарауы қажет. Балаларға өз құқығын түсіндіріп, қауіп төнген жағдайда кімнен көмек сұрауға болатынын үйреткен жөн. Мұғалімдер мен басқа да мамандар баланың қауіпсіздігіне қатысты белгілерді байқаса, белгіленген тәртіппен әрекет етуі маңызды. Отбасы мен білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы балаларды қорғау шараларын күшейтеді. Әр бала зорлық-зомбылықсыз ортада өмір сүруге және қамқорлық көруге лайық.
Ерзат АСЫЛ
