Отбасы – адам өзін қауіпсіз сезінуі тиіс орта. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық адамның денсаулығына ғана емес, оның психологиялық жағдайына да кері әсер етеді. Мұндай мәселелерді жасыру немесе қалыпты жағдай ретінде қабылдау мәселенің ушығуына себеп болуы мүмкін.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттыру, зардап шеккен адамдарға дер кезінде көмек көрсету және қоғамда төзімсіздік ұстанымын қалыптастыру қажет. Әр адам қауіпсіз өмір сүруге құқылы.
Тоғжан Жолдығали
