Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Музей жәдігерлерімен танысты

Музей жәдігерлерімен танысты

30 қаралым

«Әділет» партиясы Жамбыл аудандық филиалының баста­масымен инклюзивті білім беру сала­сындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға Алматы қаласындағы заманауи өнер музейіне танымдық саяхат ұйым­дас­тырылды.

Аталған партия бөлімшесінің басшысы Әділбек Қамбарұлы балалармен бірге саяхаттап, олардың музей жәдігерлеріне деген қызығушылығына куә болды. Бұл игі шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.


«Әр баланың өзіне тән қабілеті мен мүмкіндігі бар. Олардың бойындағы талантты ашуға, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсетуге және өмірдің жарқын сәттерін бірге сезінуге жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет. Инклюзия – бұл тек тең мүмкіндік беру ғана емес, әр баланы түсіну, қабылдау, құрметтеу және оның қоғамда өз орнын табуына ықпал ету. Балалардың жүзіндегі шаттық пен шынайы күлкі – осындай игі бастамалардың нәтижесі. Өйткені әрбір бала жарқын болашаққа лайық», – дейді Әділбек Қамбарұлы.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

↑