Цифрлық технологиялар өмірді жеңілдеткенімен, интернет кеңістігінде түрлі қауіп-қатер де кездеседі. Әсіресе жеке мәліметтердің таралуы, жалған сілтемелер мен интернет-алаяқтық азаматтар үшін өзекті мәселеге айналып отыр. Жасанды интеллект дамыған сайын жалған ақпарат пен адамның дауысын немесе бейнесін қолдан жасау мүмкіндіктері де артуда. Сондықтан әлеуметтік желілер мен интернет сервистерін пайдаланғанда сақтық таныту қажет. Бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, құпиясөздерді және SMS арқылы келген растау кодтарын беруге болмайды. Күмәнді ақпаратты таратпас бұрын оның сенімді дереккөздерде жарияланғанын тексерген дұрыс. Сонымен қатар күрделі құпиясөз орнатып, екі факторлы аутентификацияны қолдану жеке аккаунттарды қорғауға көмектеседі. Цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір интернет пайдаланушысының жеке жауапкершілігі.
Ерзат АСЫЛ
