Перейти к содержимому

Еңбекке – құрмет

72 қаралым

         Алматы облысындағы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясында Кәсіподақ күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараны «Әділет» партиясы Жамбыл аудандық филиалы мен аудандық кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.

         Шараға «Әділет» партиясының аудандық филиалының консультанты Ақерке Керембекова, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сания Бижұменова және аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Алтынбекова қатысып, жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтады. Жиын барысында кәсіподақтың жұмысы, қызметкерлер мүддесін қорғаудағы маңызы айтылды.

         Салтанатты жиында аудандық кәсіподақ ұйымының бірқатар мүшесіне еңбектегі белсенділігі мен кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі үшін «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Данияр Қасқарауовтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапаттар – адал еңбекке көрсетілген құрмет пен қоғамдық белсенділіктің бағасы. Барша кәсіподақ мүшелеріне толағай табыс, еңбектеріне береке, отбасыларына амандық тілейміз!

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

↑