Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Есірткі жарнамасына жол бермейік!

Есірткі жарнамасына жол бермейік!

105 қаралым

Қазіргі таңда есірткіге қатысты заңсыз ақпарат интернет кеңістігінде де таралуы мүмкін. Әсіресе жастардың әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатынын ескерсек, бұл мәселеге бейжай қарауға болмайды. Күмәнді жазбалар мен есірткіге қатысты заңсыз жарнаманы көрген азаматтар оны таратпай, тиісті органдарға хабарлағаны жөн. Бір қарағанда зиянсыз көрінетін әрекеттің өзі заң бұзушылыққа әкелуі мүмкін. Сондықтан цифрлық сауаттылықпен қатар құқықтық сауаттылықты да арттыру қажет. Ата-ана мен ұстаздар балаларға интернеттегі қауіптер туралы үнемі түсіндіріп отырғаны дұрыс. Есірткі айналымына қарсы күрес – қауіпсіз болашақ үшін жасалған маңызды қадам.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑