Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Есірткісіз қоғам – жарқын болашақ кепілі

Есірткісіз қоғам – жарқын болашақ кепілі

47 қаралым

Есірткіге қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі. Нашақорлық адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, оның отбасымен және қоғаммен байланысына да кері әсер етеді. Сондықтан есірткінің алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттердің салдарын түсіндірудің маңызы зор. Білім беру ұйымдарында кездесулер мен түсіндіру шараларын өткізу жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға ықпал етеді. Ата-аналар да балаларының ортасына, бос уақытына және мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударғаны жөн. Есірткі қылмысы туралы күдік туындаған жағдайда, құқық қорғау органдарына хабарлау маңызды. Есірткісіз орта қалыптастыру – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Құралбек СӘБИТОВ

↑