Көлік жүргізу – жоғары жауапкершілікті талап ететін әрекет. Жүргізуші жолға шыққан сәттен бастап өз өмірі мен жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауап береді. Көлік басқару кезінде алкоголь немесе есірткі әсерінде болуға жол берілмейді. Сондай-ақ телефонмен сөйлесу мен хабарламаларды қарау жүргізушінің назарын бөліп, апат қаупін арттырады. Жолға шығар алдында қауіпсіздік белдіктерінің тағылғанын және көліктің техникалық жарамдылығын тексеру қажет. Ұзақ сапарда уақытылы демалып, шаршаған күйде көлік жүргізуден бас тартқан дұрыс. Жол ережелерін сақтау тек айыппұлдан қорғану үшін емес, адам өмірін сақтау үшін қажет. Рөлдегі тәртіп – әр жүргізушінің азаматтық мәдениетінің көрсеткіші.
Ерзат АСЫЛ
