Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Кәсіп бастауға мүмкіндік: Рустам Искандаров өз кәсібін ашты

Кәсіп бастауға мүмкіндік: Рустам Искандаров өз кәсібін ашты

166 қаралым

Алматы облысы Алатау қаласы Жетіген ықшамауданының тұрғыны Рустам Искандаров «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, өз кәсібін дамытуға мүмкіндік алды.
Рустам Искандаров Алатау қаласының Мансап орталығы арқылы бағдарлама бойынша оқудан өтіп, бизнес-жоспарын сәтті қорғап, субсидияланатын грант иегері атанды. Осы қолдаудың арқасында ол өз ісін бастап, қазіргі таңда аяқ киім жөндеу шеберханасын жүргізіп келеді.
Кәсіпкер өз жұмысын жауапкершілікпен атқарып, әрбір тапсырысқа ұқыптылықпен қарайды. Сапалы қызмет көрсету мен шеберлігінің арқасында Рустамның тұрақты клиенттері қалыптасып, қала тұрғындарының ризашылығына ие болып келеді.
«Өз кәсібімді ашу – көптен бері ойымда жүрген мақсат еді. «Бизнес бастау» бағдарламасы маған қажетті білім алып, кәсібімді бастауға үлкен мүмкіндік берді. Бүгінде өз еңбегімнің нәтижесін көріп, қуанып жүрмін», – дейді Рустам Искандаров.
Рустам Искандаров II топтағы мүгедектігіне қарамастан, еңбекке деген құлшынысын жоғалТқан емес. Бүгінде оның шеберханасына аяқкиімін жөндетуге келген қала тұрғындары қызмет сапасына ризашылықтарын білдіріп, шебердің еңбегіне алғыстарын айтып жүр.
Кәсіпкердің жетістігі – мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижелерінің бірі. Кәсіпкерлікке бет бұрып, өз ісін бастауға ниетті азаматтар үшін мұндай бағдарламалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, тұрақты табыс көзі мен жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға ықпал етеді.


Риза САУРБАЕВА

Алатау қаласы

↑