Әр азаматтың белгілі бір құқықтары мен міндеттері болады. Құқық адамның еркін өмір сүруіне, білім алуына, еңбек етуіне және өз пікірін білдіруіне мүмкіндік береді. Бұл құқықтар заң арқылы қорғалады.
Алайда құқықпен бірге міндет те қатар жүреді. Адам өз құқығын пайдаланған кезде басқа адамдардың құқықтарын бұзбауы керек. Мысалы, өз пікіріңді білдіруге құқығың бар, бірақ сол үшін басқа адамды қорлауға немесе кемсітуге болмайды.
Құқық пен міндетті дұрыс түсіну – құқықтық мәдениеттің белгісі. Әр азамат өз міндетін жауапкершілікпен орындаса, қоғамда тәртіп пен өзара құрмет қалыптасады. Сондықтан құқықты білу ғана емес, міндетті де адал орындау маңызды.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
