Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қауіпсіз цифрлық орта – ортақ міндет

Қауіпсіз цифрлық орта – ортақ міндет

48 қаралым

Цифрлық технологиялардың дамуы жаңа мүмкіндіктермен қатар, интернеттегі қауіпсіздік мәселесін де алдыңғы қатарға шығарды. Қазіргі таңда азаматтар әлеуметтік желілерді, онлайн банкингті және түрлі электронды сервистерді белсенді пайдаланады. Сондықтан жеке мәліметтерді қорғау мен киберқауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды. Бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, құпиясөздерді және SMS арқылы келген кодтарды беруге болмайды. Күмәнді хабарламалар мен белгісіз сілтемелерге өтпей, ақпараттың қайдан келгенін тексерген жөн. Жасанды интеллект дамыған сайын интернеттегі алаяқтықтың жаңа тәсілдері де пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты азаматтардың цифрлық мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіздік ережелерін тұрақты түсіндіру қажет. Қауіпсіз цифрлық орта құру – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.

Алтынай СЕЙІТКЕН

↑