Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қонаевта ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер марапатталды

Қонаевта ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер марапатталды

31 қаралым

Қонаев қаласында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті. Іс-шара барысында қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласып, шаһардың дамуына өз үлесін қосқан бірқатар ардагерге Қонаев қаласы әкімінің Алғыс хаты табысталды. Салтанатты кеште шаһар басшысы Асхат Бердіханов аға буын өкілдерін айтулы күнмен құттықтап, олардың ел дамуына қосқан еңбегіне тоқталды. «Қарттар күні – аға буынға деген құрметті айшықтайтын ерекше мереке. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен еңбектеріңіз кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге. Қаламыздың бүгінгі жетістіктерінде сіздердің де еңбектеріңіз бар. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін», – деді қала әкімі. Іс-шарада алғашқы құрылысшы, зейнеткер ұстаз, медицина және полиция саласының ардагерлері, коммуналдық сала қызметкері, көпбалалы ана, сондай-ақ Аналар кеңесінің мүшесі секілді әр салада еңбек еткен азаматтар марапатталды. Олардың қатарында Роза Ким, Светлана Джумаджанова, Сағира Бакибаева, Алия Уалиева, Нұрипа Қайықпаева, Гүлай Искендирова және Күләш Мусекенова бар.Кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, қала өнерпаздары аға буын өкілдеріне арнап ән-күйден шашу шашты.

↑