Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Қорқынышпен өмір сүргенше, көмек сұраған дұрыс

Қорқынышпен өмір сүргенше, көмек сұраған дұрыс

20 қаралым

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың ең ауыр тұстарының бірі – жәбірленушінің өз жағдайын ашық айта алмауы. Қорқыту, психологиялық қысым немесе қаржылық тәуелділік адамды үнсіз қалуға мәжбүр етуі мүмкін. Бірақ мұндай жағдайға төзу мәселені өздігінен шешпейді.
Зорлық-зомбылыққа тап болған адам өзінің қауіпсіздігін бірінші орынға қоюы керек. Сенімді адамға хабарлау, қауіпсіз жерге бару және мамандардан көмек сұрау маңызды. Егер өмірге немесе денсаулыққа тікелей қауіп төнсе, 102 немесе 112 нөміріне хабарласуға болады.
Қоғамда жәбірленушіні кінәлау емес, қолдау көрсету мәдениеті қалыптасуы қажет. Әр адам қауіпсіз өмір сүруге құқылы. Отбасындағы зорлық-зомбылықты жасыруға емес, оның алдын алуға күш салу – қоғамның ортақ міндеті.

ЕРЗАТ АСЫЛ

↑