Көшелер мен қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Қоғамдық орында жанжал шығару, өзгенің мүлкіне зиян келтіру немесе айналадағы адамдарға кедергі жасау құқықбұзушылыққа әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін азаматтар қоғамдық әдеп нормаларын сақтап, айналасындағыларға құрметпен қарауы тиіс. Ата-аналар балаларына көшеде өзін дұрыс ұстауды және қауіпті жағдайлардан сақтануды үйреткені жөн. Құқық қорғау органдарының түсіндіру жұмыстары мен тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. Қоғамдық орындарда қауіп төнген жағдайда, ең алдымен қауіпсіз жерге барып, қажет болса, полицияға хабарласу керек. Көшедегі тәртіпті сақтау – әр азаматтың өзіне және қоғамға деген жауапкершілігінің көрінісі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

