Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ НАЗАРДА!

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ НАЗАРДА!

157 қаралым

Қырғызсай ауылдық округінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына тексеру жүргізілді. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты — есепте тұрған азаматтардың жағдайын бақылау ғана емес, олардың қайта құқық бұзушылыққа баруына жол бермеу.

Тексеру барысында пробация қызметкерлерімен бірлесіп азаматтардың тұрмыс жағдайы, тұрғылықты жері және өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы зерделенді. Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау, пробация қызметінің белгіленген тәртібін бұзбау және жауапкершілікті сезіну жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында азаматтарға қайталап қылмыс жасаудың соңы жауапкершілікке әкелетіндігі ескертіліп, қалыпты өмірге бейімделу мен заң талаптарын орындаудың маңызын айтты. Осындай профилактикалық жұмыстардың түпкі мақсаты — құқықбұзушылықтың алдын алып, есепте тұрған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы

↑