Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары ерекше орын алады. Қазақстанда осы бағыттағы қатынастарды жүйелеу мақсатында «Құқықбұзушылықтардың профилактикасы туралы» заң қабылданып, ол 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енді. Заңның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ құқықбұзушылыққа әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жою.
Құқықбұзушылықтың алдын алу тек орын алған жағдайға жауап берумен шектелмеуі тиіс. Оның маңызды бөлігі – қауіптің алдын ала себептерін анықтап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұл ретте мемлекеттік органдармен қатар білім беру ұйымдары, қоғамдық ұйымдар және тұрғындардың өзара іс-қимылы маңызды. Қоғамдық тәртіпті сақтау әр азаматтың жауапкершілігімен тығыз байланысты.
Ерзат АСЫЛ
