Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Отбасы – қауіпсіздіктің бастауы

Отбасы – қауіпсіздіктің бастауы

43 қаралым

Отбасы – адамға жылу мен қолдау беретін ең жақын орта. Сондықтан үйдегі әр адамның қауіпсіздігі мен құқығын қорғау – қоғам үшін маңызды міндет. Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қандай да бір себеппен ақтау табуға болмайды. Күш көрсету, қорқыту, қорлау немесе психологиялық қысым адамның құқығын бұзады. Мұндай жағдайға тап болған азамат көмек сұраудан қорықпауы керек. Құқық қорғау және әлеуметтік қызметтер қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстар жүргізеді. Зорлық-зомбылықсыз отбасы – берік қоғамның негізі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑