Перейти к содержимому

Рейд жүргізілді

119 қаралым

Есік қаласының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізілді.

Профилактикалық рейдке Есік қаласы әкімінің аппараты, Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы және аудандық прокуратура қызметкерлері бірлесіп қатысты.

Рейд барысында қала аумағындағы қоғамдық орындар, жастар мен жасөспірімдер көп шоғырланатын орындар бақылауға алынды. Мамандар қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерін анықтау бағытында тиісті жұмыстар жүргізді.

Сонымен қатар, рейд барысында тұрғындар мен жасөспірімдерге кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруіне қатысты қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және түнгі уақытта бақылаусыз жүруіне жол бермеу қажеттігі жөнінде ескертілді.

Мұндай профилактикалық рейдтердің негізгі мақсаты – құқықбұзушылықтардың алдын алу ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамда құқықтық тәртіпті нығайту.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса бермек.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Еңбекшіқазақ ауданы

↑