Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Таза Қазақстан»: Алатау қаласында тазалық жұмыстары жүйелі

«Таза Қазақстан»: Алатау қаласында тазалық жұмыстары жүйелі

149 қаралым

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алатау қаласында қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалықты сақтау және қаланы көркейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Қала аумағында әр апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, тұрмыстық қалдықтарды жинау және айналаны ретке келтіру жұмыстары атқарылып келеді. Мұндай шаралар қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды қалыптастыру, табиғатты қорғау және әрбір тұрғынның тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру. Қала тазалығын сақтау тек тиісті мекемелердің ғана емес, барша тұрғынның ортақ міндеті екенін атап өткен жөн.
Таза әрі жайлы қала қалыптастыру үшін әрбір азамат өз ауласын, көшесін және қоғамдық орындарды таза ұстауға үлес қосуы қажет. Қоқысты белгіленген орындарға тастау, қоршаған ортаны ластамау және тазалық шараларына белсенді қатысу – мәдениетті қоғамның белгісі.

Роза ҮМБЕТОВА

Алатау қаласы

↑