Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Таза Қазақстан»: Тазалық – ортақ жауапкершілік

«Таза Қазақстан»: Тазалық – ортақ жауапкершілік

148 қаралым

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алатау қаласының тазалығын сақтау – барша тұрғынға ортақ міндет. Қаланың көркі мен тазалығы әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты.
Әр тұрғын өз ауласының тазалығына қалай мән берсе, қоғамдық орындардың тазалығына да сондай жауапкершілікпен қарауы қажет. Қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, айналаны таза ұстау және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысу – туған жерге деген құрметтің көрінісі.
Таза қала – тұрғындардың ортақ еңбегінің нәтижесі. Сондықтан Алатау қаласының әр тұрғынын тазалықты сақтауға және туған қаласының көркеюіне үлес қосуға шақырамыз.

Роза ҮМБЕТОВА
Алатау қаласы

↑