Перейти к содержимому

Таза орта жайлы өмірге жетелейді

8 қаралым

Қоршаған ортаның тазалығы – халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Іле ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыруға бағытталған жұмыстар тұрақты ұйымдастырылуда. Тұрғындар сенбіліктерге қатысып, көшелер мен аулаларды тазалауға өз үлестерін қосуда. Балқаш ауданында табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту және көгалдандыру жұмыстары қолға алынған. Табиғаты көркем жерлердің тазалығын сақтау басты назарда. Табиғи нысандарды қорғау әсіресе туристік аймақтар үшін маңызды. Әр адам қоқысты белгіленген орынға тастап, қоршаған ортаға ұқыпты қараса, ортақ тазалыққа үлкен үлес қосады. «Таза Қазақстан» – таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған ортақ іс.

Алтынай СЕЙІТКЕН

Балқаш ауданы

↑