Перейти к содержимому

Тазалық – ортақ міндет

12 қаралым

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендерді көркейту және қоршаған ортаны қорғау жұмыстары жалғасуда. Іле ауданында тұрғындар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен аулалар, көшелер және қоғамдық орындар тазартылып келеді. Сенбіліктер барысында тұрмыстық қалдықтар жиналып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Балқаш ауданында өзен-көлдердің жағалауларын тазарту мен көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мұнда табиғи аумақтарды қорғау және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылуда. Мұндай шараларға жастардың, еріктілердің және еңбек ұжымдарының белсенді қатысуы экологиялық мәдениетті қалыптастырады. Тазалықты сақтау – тек мемлекеттік органдардың емес, әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Туған жердің таза әрі көрікті болуы әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізден басталады.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

Балқаш ауданы

↑