Перейти к содержимому
Басты бет / Таза Қазақстан / Тазалық – ортақ жауапкершілік

Тазалық – ортақ жауапкершілік

130 қаралым

«Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Таза әрі көрікті орта қалыптастыру ең алдымен әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Аула, көше, саябақ пен қоғамдық орындарды таза ұстау тұрғындардың ортақ міндеті болуы тиіс. Өңірлерде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер абаттандырылып, қоқыс жиналып, ағаштар мен гүлдер отырғызылуда. Мұндай жұмыстар елді мекендердің көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Әсіресе жастардың тазалық акцияларына белсенді қатысуы қуантады. Табиғатқа жанашырлық таныту – кейінгі ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырудың маңызды шарты. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау әр адамның күнделікті әдетіне айналуы қажет.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑