Перейти к содержимому
Басты бет / Таза Қазақстан / Туған жерді таза ұстау – азаматтық парыз

Туған жерді таза ұстау – азаматтық парыз

97 қаралым

Туған өлкенің тазалығы мен көркейуі тұрғындардың белсенділігіне тікелей байланысты. «Таза Қазақстан» аясында елдімекендерде санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Тұрғындар аулаларды тазалап, көшелердің бойын ретке келтіріп, қоғамдық орындарды көркейтуге үлес қосып келеді. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениеті отбасынан және мектептен қалыптасатыны белгілі. Осы бағытта балалар мен жастар арасында экологиялық тәрбиеге ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Табиғатты ластамау, қоқысты арнайы орындарға тастау және жасыл желекті қорғау – қарапайым болғанымен, маңызды талаптар. Әр азамат өз ауласы мен көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, бүкіл елді мекеннің келбеті өзгереді. Тазалықты сақтау – туған жерге деген құрметтің нақты көрінісі.

Ерзат АСЫЛ

↑