Қоғамның тазалығы мен мәдениеті әрбір отбасының ауласынан басталады. Осы қағиданы негізге алған «Таза Қазақстан» бастамасы тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді. Тазалық жұмыстарына азаматтардың белсенді қатысуы елді мекендердегі қоғамдық мәдениеттің артуына оң әсер етеді. Аулаларды тазалау, қоқысты уақытылы шығару, көгалдарды күтіп ұстау сияқты қарапайым істердің өзі үлкен нәтижеге жеткізеді. Сонымен қатар қоғамдық орындарға ұқыпты қарау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану да маңызды. Тазалық шараларына мемлекеттік мекемелермен бірге тұрғындар, жастар және еріктілердің қатысуы қоғамдық бірлікті нығайтады. Әр адам өзінен бастап тазалықты сақтаса, бұл әдет біртіндеп бүкіл қоғамға таралады. Таза аула, таза көше және таза табиғат – жайлы өмір сүрудің басты шарттарының бірі.
Ерзат АСЫЛ
